Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2022: Конференция туралы

Конференция туралы

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы (АКЕК) жыл сайын өткізіледі және кітапханалардағы үздік практикалармен, стратегиялармен және үрдістермен алмасу және оларды талқылау алаңы болып табылады.

Алдыңғы жылдары Library Connect (2011-2018), "Жоғары оқу орындары кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер" халықаралық конференциясы (ICEGTULD - 2019)  деп аталды.

Мақсаттары

  • Кітапхана саласының дамуындағы озат үрдістер туралы хабардар болуды арттыру
  • Кәсіби қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету
  • Ғылыми зерттеулер үшін идеялардың көзі болу
  • Халықаралық сарапшыларды ұсыну
  • Тәжірибе мен білімнің сындарлы алмасуын қамтамасыз ету
  • Теоретиктер мен практиктер арасында қарым-қатынас орнату
  • Бар мәселелерді шешудің әр түрлерін көрсету
  • Өзгерістерге ықпал ету

Тақырып

2022 жылғы конференцияның тақырыбы «Білімге және кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер».

Биылғы конференция білімге ашық қолжетімділіктің қазіргі жағдайын (Ашық ғылым, Ашық білім беру ресурстары, Ашық қолжетімді технологиялар және т.б.), білімге ашық қолжетімділікті ілгерілетудегі университет кітапханаларының рөлі мен міндеттерін көрсетеді, сондай-ақ осы саладағы ықтимал жаһандық перспективаларды талқылайды.

Логотип

Конференция логотипі бірнеше бөліктен тұратын композицияны білдіреді:
ealc 2022 logo
а) конференция атауының аббревиатуралары - "EALC" (Eurasian Academic Libraries Conference), оның өткізілетін күні мен орны көрсетілген (Астана қ., Қазақстан Республикасының астанасы);
б) конференция атауының аббревиатурасының үстінде Астана қаласының панорамасы бейнеленген;
с) оның сол жағында шаңырақ астында екі сопақша фигура түрінде бейнеленген Еуропа мен Азия бірлігінің символы бейнеленген. Шаңырақ – киіз үйдің төбесін құрайтын дөңгелек, қазақ халқы үшін үй ошағының, жер мен көкті біріктіретін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық жәдігердің ұлттық нышаны болып табылады.
Логотип Назарбаев Университетінің корпоративтік түстер палитрасын пайдалана отырып жасалған. Күрең түс қадір-қасиетті, күш пен ынтымақты білдіреді; жасыл – үміт, достық, тәрбие,  ар-намыс және жеңіске деген ұмтылыс.
 

БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Төраға

Александр Андрюков

Төраға орынбасары

Анар Даутова

Мүшелері

Петр Лапо

 

Толкын Джангулова

 

Асемгуль Темирханова

 

Тендик Ермекпаева

 

Эйприл Манабат

Хатшы

Ляззат Арыстанова

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Бағдарлама

Толкын Джангулова

Рустам Тойгамбаев

Айнаш Елеусизова

Қаржы

Зауре Бекентаева

Демеушілік Айгерим Кожахметова

Маркетинг және қоғаммен байланыс

Мадина Абыкаимова

Газиза Тарик

Әлеуметтік қызмет

Елизавета Камилова

Жулдыз Оразымбетова

Логистика, материалдық база

Анар Даутова

Ляззат Арыстанова

Тіркеу

Айгерим Акпарова

Галия Алимова

Айгерим Шуршенова

Мейрамгуль Косылбаева

Айсулу Нурпеисова

Тендик Ермекпаева

Арсен Кабиденов

Динмухамед Копмагамбетов

Бағалау

Елизавета Камилова

Эйприл Манабат

РЕДАҚЦИЯЛЫҚ ҰЖЫМ

Бас редактор

Эйприл Манабат

Редакторлар

Дарья Звонарева (орысша редакция)

 

Ляззат Арыстанова (қазақша редакция)

 

Айнаш Елеусизова

Назарбаев Университетінің (НУ) кітапханасы

НУ кітапханасы 2010 жылы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім беру, ғылыми және тәрбие қызметін ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету үшін құрылған. Оның қорында 200 000-ға жуық сақтау бірлігі бар, оның ішінде негізінен ағылшын тіліндегі баспа және электронды кітаптар, микрофишалар мен DVD-ROM-дағы материалдар бар. Өзінің баспа қорын ұйымдастыру және орналастыру үшін кітапхана Конгресс кітапханасының жіктеу схемасын (LCC) басшылыққа алады. Кітапхананың мақтанышы академиялық және ғылыми қоғамдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және кітапхана қабырғасында ғана емес, сонымен қатар университет кампусынан тыс жерлерде де қолжетімді 100-ден астам лицензиялық мәліметтер базасына жазылу болып табылады. Кітапхана Орталық Азиядағы алғашқы университеттік кітапханалардың бірі болып табылады, ол 2018 жылы кітапханаға қосымша ғимарат енгізілгеннен кейін өз оқырмандары үшін 24/7 қолжетімділікті енгізді. НУ кітапханасы үнемі ақпараттық сауаттылық бойынша сабақтар, авторлары НУ қызметкерлері болып табылатын кітаптардың тұсаукесерлерін, мәдени-ағартушылық және университет қоғамдастығы талап ететін басқа да қызықты іс-шараларды өткізеді. Кітапхана сондай-ақ университет қызметкерлерінің балалары арасында оқуды ілгерілету бойынша іс-шаралар өткізеді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы сұрақтар бойынша жетешілік етеді.

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы

Қауымдастық 2012 жылдың қазан айында Тараз қаласында заңды тұлға ретінде құрылды. Бұл жас және перспективалы қауымдастықтардың бірі. Оның басты мақсаты – Университет кітапханаларын мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам алдында әлеуметтік институт ретінде кітапхананың мүдделерін білдіруге және қорғауға қабілетті кәсіби қоғамдастықтың бөлігі ретінде кітапханаларының қатысуымен тиімді ынтымақтастық, идеялармен алмасу және білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттерді шешуге бірлескен көзқарасты дамыту мүдделері үшін біріктіру. Бүгінгі таңда 30-дан астам кітапхана Қауымдастықтың мүшелері болып табылады.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail