Skip to Main Content
It looks like you're using Internet Explorer 11 or older. This website works best with modern browsers such as the latest versions of Chrome, Firefox, Safari, and Edge. If you continue with this browser, you may see unexpected results.

School of Library Technologies

Бағдарлама

Назарбаев Университеті Кітапханасы жоғарғы оқу орны кітапханаларының қызметкерлерін Кітапханалық Технологиялар Мектебі-2021 (КТМ) атты біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы іс-шара аясында өтетін онлайн-семинарға шақырады: 

Ақпаратты ұйымдастырудың халықаралық заманауи қағидалары мен стандарттарын енгізу тәжірибесі. Деректерді басқару. 

7-8 желтоқсан, 2021 | 13.00 - 16.00

Онлайн-семинарға қатысушылар:

  • Каталогтаудың халықаралық стандарттарын енгізу, сандық қорларды және мета деректер саласындағы жобаларды басқару тәжірибесімен;
  • Латвия, Литва, Ресей, Украина және Қазақстан кітапханаларының мысалында ақпаратты ұйымдастыруға COVID-19-дың тигізген әсерімен таныс бола алады. 

Біз:

  • қатысушылардың игерген білімдерін бағалауды;
  • қатысушыларға Назарбаев Университеті Кітапханасында біліктілікті арттыру курсын өткені туралы сертификатын қамтамасыз етеміз.

Тіркеу 2021 жылдың 6 желтоқсанына дейін мүмкін

Семинардың 1-күніне (7-желтоқсан) тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз:

Семинардың 2-күніне (8-желтоқсан) тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз

Қатысу

Семинарға қатысу тегін.

Тіркелу нәтижесінде сіздің электрондық поштаңызға тиесілі күні қатысатын семинардың сілтемесі жіберіледі.

Анықтама үшін байланыс ақпараты

эл. пошта: slt@nu.edu.kz

Қатысушыларына арналған онлай-этикет ережелері

1. Виртуалды семинарға кірудің басталу уақытына кешікпеңіз. Іс-шарадан 10 минут бұрын виртуалды платформаға қосылған жөн.
2. Семинарға тіркеуге жауапты топ электрондық сертификаттарды қажет ететін адамдардың болуын тексереді. Кіру кезінде толық атыңызды жазу талап етіледі. 
3. Камераңызды ретке келтіріп алыңыз. Сізде жақсы жарық бар екеніне және келбетіңіз анық көрінетініне көз жеткізіңіз. Егер сөйлеспесеңіз немесе сұрақтар қоймасаңыз, камераны өшіріп қойыңыз. 
4. Егер сөйлеспесеңіз, микрофоныңыздың дыбысын өшіріңіз.
5. Бөтен шуылды болдырмаңыз. Алаңдамау үшін телефондарыңызды үнсіз режимге қойыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, микрофон дыбысын өшіріңіз.
6. Тиісті виртуалды артқы фонды таңдаңыз.
7. Сұрақтар мен жауаптар сессиясы кезінде қолыңызды көтеру керек, сұрақтар қоя бастағанға дейін сіздің атыңыз расталады. Растау алғанға дейін микрофонның дыбысын қоспаңыз. Сондай-ақ, чатты пайдалануға болады, бірақ спикерге сұрақтарды таңдауда кідіріс болуы мүмкін. Семинарның басқа қатысушыларының сөзін бөлмеуге тырысыңыз. Белгіленген уақыт аралығында тек бір адам ғана сөйлеуі тиіс.

8. Біз толық назар аударуыңызды сұраймыз. Егер қандай да бір шұғыл жағдай болмаса, виртуалды семинарға қатысы жоқ нәрсеге алаңдамаңыз.
9. Егер сіз баяндамашы болсаңыз, техникалық қиындықтар туындаған жағдайда қосалқы презентация дайындауыңызды сұраймыз.
10. Сұрақтар көбірек қамтылу үшін оларды нақты қойған жөн. Өзіңізді қысқаша таныстырып өтіңіз және сұрақтарыңызды қойыңыз. Пікірлерді чат терезесінде басып шығаруға болады, модераторлар оларды тіркейді.
11. Қатысушылар чат немесе сұрақтар мен жауаптар сессиясын қолдана алады. Тақырыпқа қатысы жоқ хабарларды жібермеңіз. Сіздің орналасқан жеріңізді немесе ұйымыңызды анықтау барысында чат терезесіне өзіңіз туралы ақпарат жазбаңыз.
12. Ең бастысы, тіл табыса отырып, бір-бірімізді құрметтейік. Семинар ұйымдастырушылары сыйламаушылық  немесе орынсыз мінез-құлықты көрсететін кез келген қатысушыны шығарып тастау құқығын сақтайды.

Дереккөздері

The University of Pittsburgh (2020, July 8). Zoom Meetings: Etiquette and Best Practices. https://www.technology.pitt.edu/blog/zoom-tips

Fabian, Karina (2018, July 03). 15 webinar etiquette tips for presenters and attendees. Business.com.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail