Skip to Main Content
It looks like you're using Internet Explorer 11 or older. This website works best with modern browsers such as the latest versions of Chrome, Firefox, Safari, and Edge. If you continue with this browser, you may see unexpected results.

School of Library Technologies

Бағдарлама

Назарбаев Университетінің кітапханасы 2020 жылдың 9 және 10 желтоқсанында Кітапханалық технологиялар мектебі – 2020 (КТМ) "Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары" атты кітапханашылардың біліктілігін арттыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары  кітапханаларының қызметкерлері үшін өтетін вебинарларға қатысуға шақырады.

Вебинарлардың негізгі тақырыптары:

  • Институционалдық репозиторийлер (9 желтоқсан, 10.00-ден 13.30-ға дейін)
  • Кітапханадағы маркетинг (10 желтоқсан, 10.00-ден 12.30-ға дейін)

Вебинарларға қатысушылардың төмендегілермен танысуға мүмкіндігі болады:

  • Қазақстан Республикасында және шетелде жоғары білім мен кітапхана ісін дамытудың заманауи үрдістерімен,
  • ЖОО кітапханалары қызметінің тиімділігін бағалау үшін халықаралық стандарттармен, 
  • кітапханада ұйым қоғамдастығы үшін медиа ортаны қалыптастырудың халықаралық тәжірибесімен,
  • жоғары білім мен ғылымға арналған ашық ақпараттық ресурстармен,
  • Назарбаев Университетінде инклюзивті ортаны қалыптастыру тұжырымдамасы және құралдарымен,
  • сондай-ақ ақпараттық іздеу және ашық қолжетімділіктің деректер базасымен жұмыс істеу дағдыларын жақсартуға.

Әр күннің соңында қатысушылардың алған білімдерін бағалау жүргізіледі және ең белсенділері сыйлықтармен марапатталады.

Қорытындылау күні қатысушыларға Назарбаев Университеті жанындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар жіберіледі.

Тіркеу

9 желтоқсанға тіркелу сілтеме арқылы ашық болады.
10 желтоқсанға тіркелу сілтеме арқылы  ашық болады

Қатысу

Тіркеу нәтижесінде электрондық поштаңызға сілтеме жіберіледі, ол арқылы сіз тиісті күндері вебинарға қатысушыларға қосыла аласыз.

Анықтама үшін байланыс ақпараты

Марина Пояркова, КТМ-2020 үйлестірушісі
эл. пошта: marina.poyarkova@nu.edu.kz
ұялы тел.: +7-747-44-39-608

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail