Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2023: Басты бет

 

ealc logo

Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев Университетінің кітапханасы сіздерді 2023 жылдың 19-20 қазан аралығында Назарбаев университетінде (Астана, Қазақстан) өтетін "Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар" 12-ші Академиялық Кітапханалардың Еуразиялық Конференциясына (АКЕК-2023) қатысуға шақырады.

2023 жылдың конференциясы оқудағы адамның рөліне баса назар аудара отырып, оның ішінде әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттер арқылы цифрлық трансформацияны әлеуметтік түрлендірулер құралына айналдырып, қауіпсіздік пен денсаулықты арттыру арқылы қоршаған ортаға аз әсерін тигізетін, білім берудің жаһандық дамуындағы жаңа кезең Білім 5.0 жүйесін қолдауда академиялық кітапханалардың идеяларымен, білімдерімен және тәжірибесімен алмасу алаңы болады. Конференцияға көрнекті зерттеушілер мен қызықты спикерлер қатысады. Ол ауызша баяндамалар арқылы ғылыми пікірталастар, конструктивті ақпарат және озық тәжірибе алмасу алаңы болмақ.

Конференцияның әлеуетті демеушілері ақпараттық өнімдерді, құралдарды және ресурстарды Қазақстандағы және шет елдердегі жоғары оқу орындарының пайдаланушылары мен жетекшілері арасында ілгерілету мақсатында көрмеге қатысуға шақырылады. Конференция демеушілері үшін «қоладан» «алтынға» дейін әр түрлі санаттағы демеушілік пакеттер ұсынылады. Демеушілік мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін EALC 2023 веб-сайтына кіріңіз. 

Конференция соңында Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысы өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері – ағылшын, орыс, қазақ.

Грант

Осы жылы Басқарушы комитет Астанадан тыс аймақтарынан қазақстандық кітапханашыларға екі (2) грант мүмкіндігін ұсынуда. Осы грант мүмкіндігі туралы көбірек білу үшін EALC веб-сайтына кіріңіз.

Мақалаларды қабылдау

Бесінші өнеркәсіптік революция (Индустрия 5.0) деп аталатын индустрияландырудың жаңа кезеңінің пайда болуы білім беру жүйесінің өзгермелі уақыт талабына сай болуын талап етеді. Білім беруді дамытудың бұл «Білім 5.0» деп аталатын жаңа кезеңі адамды шығармашылыққа баулып, жаңашыл және ынталы етуге көбірек бағытталған. Технология құнды құрал ретінде қарастырылғанымен, ол болашаққа дайын, уақыт сынына төтеп бере алатын адамдарды дайындауда көмекші рөлін атқарады.

Бағдарлама комитеті өзгермелі әлемде осы тәжірибелерді көрсету үшін осы саладағы баяндамаларға шақыру жариялайды. Келесі тақырыптар қарастырылады:

  1. Білім 5.0 кітапханаларға әсері;
  2. Кітапханалардағы жасанды интеллект (AI);
  3. Интернет заттары (IoT)
  4. Өнеркәсіп 5.0 және кітапханалар;
  5. Білім 5.0 және Қоғам 5.0;
  6. Өнеркәсіп 5.0 және ақпараттық этика;
  7. Ақылды кітапханалар;
  8. Кітапхана және кітапханашы 5.0;
  9. Кітапханалардағы теңдік, әртүрлілік және инклюзия;
  10. Академиялық кітапханалар және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (SDGs);
  11. Кітапханалардағы гибридті және гибридті-икемді (hyflex) қызметтері;
  12. Кітапханалардағы медиа және ақпараттық сауаттылық.

Анықтамалар үшін байланыс ақпараты:

Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ealc@nu.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз. 

RU   ENG

 

 

 

 

 

 

Маңызды күндер

Мақалаларды қабылдау - 5 сәуір 2023

Тіркеу - 5 сәуір - 6 қазан 2023

Конференцияны өткізу - 19-20 қазан 2023

 

Жыл сайынғы халықаралық конференция


EALC-2022 туралы шолу

“Спикерлер мен идеялардың түрлі презентациялары, жылы қарсы алу, ұйымдастырушылар мен кітапхана қызметкерлерінің қонақжайлылығы. Ұшу мен тұруға қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет”.

“Қатысушылармен кездесу және кәсіби қарым-қатынас жасау құнды тәжірибе болды. Қатысушылармен бейресми түрде сөйлесуге және спикерлерді тыңдауға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет”.

"Негізгі баяндамашы Рэй Узвижиннің ғылыми репозиторийлердің экожүйесі туралы екінші баяндамасы. Әдетте, конференцияларға қатысу - маған ең болмағанда бір идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жолы оның баяндамасынан (Omeka-S институционалдық репозиторийдің пайдаланушы интерфейсі) Сондай-ақ, халықаралық әріптестермен кездесу және байланыс орнатудың ерекше мүмкіндіктері баға жетпес!"

"Ұйымдастырушылар әрқашан көмектесіп, ұсыныстарға ашық қабылдады. Мен онлайн баяндама жасап, қажетті тәжірибе мен перспективаларды өзіме түйдім. Өте оң тәжірибе!"

"Бұл Қазақстанның және әлемнің әртүрлі елдерінен келген әріптестерді көрудің тамаша мүмкіндігі болды, іс-шараны, спикерлік бағдарламаны және қоғамдық шараларды ұйымдастыруға көп күш жұмсалғанын байқауға болады, бәрі жақсы ойластырылған".

Публикациялар

Manabat, A. R. (2022). Embracing openness: NU Library organized the 11th EALC. SLA Asia Newsletter, 18(1-2), 9-10. https://higherlogicdownload.s3.amazonaws.com/SLA/a32f5da2-6c9a-404d-b2e4-59548f805778/UploadedImages/newsletter/Volume_18-Issue_1-2_2022.pdf

Tolkyn, J. (2022, December). 11th Eurasian Academic Conference 2022 in Astana, Kazakhstan. International Leads, 36(4), 11. https://www.ala.org/rt/sites/ala.org.rt/files/content/intlleads/leadsarchive/202212.pdf

Власова А. (Ноябрь, 2022). Открытый доступ и открытые источники для получения знаний. INFO TIMES

ГПНТБ СО РАН. (Ноябрь, 2022). Укрепление научных контактов нашей библиотеки с Казахстаном. http://www.spsl.nsc.ru/news-item/ukreplenie-nauchnyx-kontaktov-nashej-biblioteki-s-kazaxstanom/

Комитет по архитектуре и строительству при Правительстве Республики Таджикистан. (Ноябрь, 2022). Библиотеки Центральной Азии приняли документ о сотрудничестве по расширению деятельности. https://tajsohtmon.tj/ru/news_ru/15391-biblioteki-centralnoy-azii-prinyali-dokument-o-sotrudnichestve-po-rasshireniyu-deyatelnosti.html

Оркушпаева Н. (Ноябрь, 2022). В режиме открытого доступа. Казахстанская Правда. https://kazpravda.kz/n/v-rezhime-otkrytogo-dostupa/

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail