Skip to Main Content

InfoSauattylyq

"Назарбаев Университеті" ДББҰ-ның ӘДҚ жобасы / Проект при ФСР АОО "Назарбаев Университет"

"Назарбаев Университеті" ДББҰ-ның Әлеуметтік даму қорының "InfoSauattylyq" жобасын Назарбаев Университеті кітапханасы жүзеге асырады. 

Жоба мақсаты: 

  • Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы медиа және ақпараттық сауаттылық саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту.

Медиа және ақпараттық сауаттылық дегеніміз (бұдан әрі – МАС) – бұл шығармашылық, заңды және этикалық негізде барлық қажетті технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, ақпарат пен медиа өнімдеріне тиімді қол жеткізуді, талдауды, сыни бағалауды, түсіндіруді, пайдалануды, жасауды және таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім, дағдылар, көзқарастар, құзыреттер мен практикалар жиынтығы. МАС дағдылары "ХХІ ғасыр дағдыларының" ажырамас бөлігі болып табылады.

Жоба міндеттері:

  • жобаны іске асыруға мүдделі тараптарды тарту;
  • серіктес университеттердің студенттері мен кітапханашыларына МАС туралы сапалы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • жоба нәтижелерін дамыту және тарату.

Жоба бенефициарлары: 

  • серіктес университеттердің студенттері мен кітапханашылары

Жобаның ұзақтығы:

  • Қазан - Қараша 2022 ж. 

Серіктес университеттер:

  • Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • НАРХОЗ университеті
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • “Назарбаев Университет" ДББҰ

     

                                             

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail