Өткен жылдан бастап 25 қазанда Республика күні Қазақстан Республикасында ресми мереке болды.
Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Бұл мемлекеттік мереке біздің еліміз үшін тарихи болып табылады.
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан туралы саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи салаларды қозғайтын түрлі тілдердегі кітаптар ұсынылды.
Сондай-ақ, Республика күніне арналған Қазақстан туралы көрмені НУ кітапханасының 3 қабатындағы оқу залында (Circulation Desk-ке қарама-қарсы) көре аласыз.