Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2021: Конференция туралы

Конференция туралы

Академиялық кітапханалардың 10-шы Еуразиялық конференциясы (АКЕК-2021) жыл сайын өткізіледі және кітапханалардағы үздік практикаларды, стратегияларды және үрдістерді алмасу және талқылау алаңы болып табылады.

Алдыңғы жылдары Library Connect (2011-2018), «Жоғары оқу орындары кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер» (ICEGTULD - 2019) халықаралық конференциясы деп аталды.

Мақсаттары

  • Кітапхана саласының дамуындағы озат үрдістер туралы хабардар болуды арттыру
  • Кәсіби қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету
  • Ғылыми зерттеулер үшін идеялар көзі болу
  • Халықаралық сарапшыларды ұсыну
  • Тәжірибе мен білімнің сындарлы алмасуын қамтамасыз ету
  • Теоретиктер мен практиктер арасында қарым-қатынас орнату
  • Бар мәселелерді шешудің әр түрлілігін көрсету
  • Өзгерістерге ықпал ету

Тақырып

2021 жылғы конференцияның тақырыбы «Академиялық кітапханаларда ақпаратты ұйымдастырудың заманауи бағыттары».
Ақпаратты ұйымдастыру кітапханалардың түріне қарамастан негізгі функцияларының бірі болып табылады және технологияның пайда болуы мен дамуы оның жақсаруына ықпал етеді. Уақыт өте келе олардың маңыздылығын сақтауға көмектесетін кітапханалар мен кітапханашылардың көптеген бағыттарын ескере отырып, бұл функция әсіресе жаңа қалыпты жағдайда назар аударуға тұрарлық. Технологияның рөлін түсінуге ұқсас көзқарас кітапханалардағы ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері мен процестерін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Логотип

Конференция логотипі бірнеше бөліктен тұратын композицияны білдіреді:
ealc logo
а) конференция атауының аббревиатуралары - "EALC" (Eurasian Academic Libraries Conference), оның өткізілетін күні мен орны көрсетілген (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасының астанасы);
б) конференция атауының аббревиатурасының үстінде Нұр-Сұлтан қаласының панорамасы бейнеленген;
с) оның сол жағында шаңырақ астында екі сопақша фигура түрінде бейнеленген Еуропа мен Азия бірлігінің символы бейнеленген. Шаңырақ – киіз үйдің төбесін құрайтын дөңгелек, қазақ халқы үшін үй ошағының, жер мен көкті біріктіретін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық жәдігердің ұлттық нышаны болып табылады.
Логотип Назарбаев Университетінің корпоративтік түстер палитрасын пайдалана отырып жасалған. Күрең түс қадір-қасиетті, күш пен ынтымақты білдіреді; жасыл – үміт, достық, тәрбие,  ар-намыс және жеңіске деген ұмтылыс.
 

БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Төраға

Тендік Ермекпаева

Төрағаның орынбасары

Александр Андрюков

Мүшелері

Петр Лапо

 

Толқын Жанғұлова

 

Әсемгүл Темірханова

Хатшы

Ләззат Арыстанова

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Бағдарлама

Эйприл Манабат

Қаржы

Далила Амирова

Демеушілік Зауре Бекентаева

Маркетинг және қоғаммен байланыс

Марина Пояркова

Әлеуметтік іс-шаралар

Aлтынай Кожаева

Логистика, материалдық база

Александр Андрюков

Тіркеу

Ғалия Алимова

Бағалау

Әйгерім Ақпарова

Редакциялық алқа

Бас редактор

Эйприл Манабат

Редакторлар

Дарья Звонарева (Орысша басылым)

 

Ляззат Арыстанова (Қазақша басылым)

 

Кэррил Ким Сагун-Тражано

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail