Назарбаев Университетінің кітапханасы ИФЛА Кітапхана қауымдастығы басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы университет кітапханалары қауымдастығының қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын, зерттеушілерді және практиктерді, сондай-ақ қазіргі уақытта кітапхана және ақпараттану бағдарламасын оқып жатқан немесе жақында ғана бітірген студенттерді 13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына шын жүректен шақырады. Медициналық, арнайы және қоғамдық кітапханалардың өкілдерін де қатысуға шақырамыз.
Бұл жылғы конферернцияның басты тақырыбы: Байланыс, ынтымақтастық және құрастыру: мамандығымыздың болашағын қамтамасыз ету үшін кітапханалық бірлестіктер мен серіктестіктерді дамыту
EALC 2024 - академиялық кітапханашылардың ой, білім және тәжірибе алмасатын алаңы болмақ. Заманауи академиялық кітапхананың рөлі үнемі дамып, кеңейіп отырады. Технологиялық жетістіктер академиялық кітапханалар мен білім беру ортасына әсер етуді жалғастыруда және осыған байланысты біздің кәсібіміз бен кітапханалық қызметіміз үшін жаңа үміттер мен қиындықтар туындайды. Жасанды интеллекттің (ЖИ) пайда болуы мен дамуы - бұл үлкен және қызықты процесс, және біз маңызды өзгерістердің куәсі болып отырмыз. EALC-2024 конференциясы - бұл тәжірибе мен практикалық шешімдермен бөлісуге, кәсіби тақырыптарды талқылауға және бір-біріне қолдау көрсетуге арналған форум. Кітапханашылар ретінде біз өз кәсібіміздің болашағын қамтамасыз ету және пайдаланушыларымыз үшін икемді және тиімді жаңа жетістіктерді қабылдауымыз керек. Біздің ұжымдық мақсаттарымызға жету үшін ынтымақтастық, байланыс орнату және серіктестік құру аса маңызды.
IFLA MLAS жалпы кітапхана қауымдастықтарының көшбасшыларын, өкілдерін және мүшелерін өз тәжірибелерімен, жағдайлық зерттеулерімен, үздік тәжірибелерімен, модельдерімен және келесі бағыттарға қатысты ұсыныстарымен бөлісуге шақырады:
- Ақпараттың тұтастығы;
- кітапханалық насихат;
- кітапхана қауымдастығының қаржылық тұрақтылығы;
- кітапхана бірлестіктерін стратегиялық болжау;
- кітапхана қауымдастығының мүшелігін басқару.
Біз IFLA-ның 7 тіліндегі өтінімдерін қабылдаймыз: араб, қытай, ағылшын, француз, неміс, орыс және испан тілдері. Спикерлер өткізу орнында презентация жасайдыі және шығындарын өз есебінен жабады.
Біз сондай-ақ көрмеге қатысушылар ретінде әлеуетті демеушілерді шақырамыз. Көрмеге қатысушы ретінде сізге осы саладағы тәжірибешілер мен шешім қабылдаушылармен экспозиция мен тікелей маркетинг мүмкіндіктері көңіліңізден шығатынына сенеміз. Көрмеге қатысушылар әртүрлі демеушілік пакеттердің бірін таңдай алады: платина, алтын, күміс және қола. Демеушілік мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін EALC-2024 демеушілер парағына кіріңіз.
Конференция тілдері ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Бізге жазылыңыз!
Пост салған кезде, бізді белгілеуді ұмытпаңыз және мына хэштэгты қолданыңыз: #EALC2024
Кез-келген сұрақтарыңыз бойынша мына электрондық пошта арқылы бізге хабарласыңыз: ealc@nu.edu.kz