Skip to Main Content

Еуразиялық Академиялық Кітапханалар Конференциясы 2024: EALC Конференциясы Туралы

EALC конференциясы туралы

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы (АКЕК) жыл сайын өткізіледі және кітапханалардағы үздік практикалармен, стратегиялармен және үрдістермен алмасу және оларды талқылау алаңы болып табылады.

Алдыңғы жылдары Library Connect (2011-2018), "Жоғары оқу орындары кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер" халықаралық конференциясы (ICEGTULD - 2019)  деп аталды.

Мақсаттары

  • Кітапхана саласының дамуындағы озат үрдістер туралы хабардар болуды арттыру
  • Кәсіби қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету
  • Ғылыми зерттеулер үшін идеялардың көзі болу
  • Халықаралық сарапшыларды ұсыну
  • Тәжірибе мен білімнің сындарлы алмасуын қамтамасыз ету
  • Теоретиктер мен практиктер арасында қарым-қатынас орнату
  • Бар мәселелерді шешудің әр түрлерін көрсету
  • Өзгерістерге ықпал ету

Тақырып

2024 жылғы конференцияның тақырыбы - Байланыс, ынтымақтастық және құрастыру: мамандығымыздың болашағын қамтамасыз ету үшін кітапханалық бірлестіктер мен серіктестіктерді дамыту.

 

Конференция логотипі

Конференция логотипі бірнеше бөліктен тұрады:
  • Конференция атының аббревиациясы - “EALC” (Eurasian Academic Libraries Conference) өткізу күні және орны (Астана - Қазақстанның елордасы);
  • Аббревиацияның үстінде Астананың панорамалық көрінісі ;
  • Сол жағынад, Еуропа мен Азияның бірлігі нышаны ретінде Шаңырақ астында екі сопақ пішін көрсетілген. Шаңырақ-киіз үйдің төбесін бейнелейтін дөңгелек пішін, ол қазақ халқы үшін үйдің, жердегі және асқақ бірліктің, мұраның символы болып табылады.
Логотиптің түстері Назарбаев Университетінің корпоративтік палитрасынан алынған. Бургундия түсі қадір-қасиетті, күш пен ынтымақтастықты білдіреді; жасыл түс үміт, достық, білім, абырой мен ұмтылысты білдіреді.

Әлеуметтік желілер

Бізге жазылыңыз!

Пост салған кезде, бізді белгілеуді ұмытпаңыз және мына хэштэгты қолданыңыз: #EALC2024

Сұрағыңыз бар ма?

Кез-келген сұрақтарыңыз бойынша мына электрондық пошта арқылы бізге хабарласыңыз: ealc@nu.edu.kz

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail