Бұл нұсқаулық НУ кітапханасының қызметкерлері және НУ Гуманитарлық-ғылыми мектебі – Қазақ тілі және түркітану кафедрасы және жоба серіктесіміз Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетімен #AP19680587 “Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білімнің ғылыми концепциясы: теориялық -методологиялық негіздері” атты гендерлік білім беру жобасын қолдау мақсатында құрастырылды. НУ кітапханасы және оның қызметкерлері ғылыми зерттеулер мен білім беруді қолдауға ұмтылады және бұл нұсқаулық гендерлік білім беруге байланысты электронды ресурстарды жүйелейді. Пайдаланушылар нусқаулықта қамтылған ақпарат пен ұсыныстарды өз жобаларына және білім алу қажеттіліктеріне қолдану кезінде өз таңдауына жүгінуге және сыни ойлауды пайдалануға шақырылады.
Төртінші технологиялық революция әлемдік ғылымның бағыты мен құрылымына өзгерістер әкелуде. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың мазмұны кеңейіп білім берудің жаңа концепциялары пайда болды. Гендерлік білім беру-қоғамдық-әлеуметтік білім саласының жедел дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Батыс елдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталған гендерлік білім беру Қазақстан жерінде егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап жүзеге асырылды. Гендерлік зерттеулерге бағытталған ғылыми орталықтардың жұмыс істеуі осы салада білім беруді қалыптастыруға әсерін тигізді. Қазір ЖОО-ның тең жартысында гендерлік мазмұндағы пәндер жүргізіледі. Олардың басым бағыты мен салалары кеңеюде. Алғашқыда тек социологиялық бағытты қамтыған гендерлік білімнің аясы саясат, экономика, филология, тарихпен толығуда. Бірақ, Қазақстанда гендерлік білімде пәнаралық байланыстар нақты көрінбейді, гендерлік білім берудің бағыты толық ажыратылмаған.
Жобада Қазақстандағы гендерлік білім берудің мазмұны зерттеліп, қазіргі мазмұндағы пәнаралық байланысы, бағыттары жүйеленіп, ғылыми концепциясы жасалады. Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы нормативтік-құжаттық негізін қалыптастыру мақсатында гендерлік білім беру бағдарламасын дайындауды көздейді.