Бұл кітапхана ұсынатын ресурстар мен қызметтерге шолу. Ол әр оқу жылының басында өткізілетін жаңадан келген кітапхана пайдаланушыларына арналған бағдарлау сессияларын толықтырады. Мектептер бойынша өтетін сессиялардың күндерін күнтізбеден таба аласыз.
Нұсқаулықпен толық танысу үшін үстіңгі бөліктегі қойындыларды пайдаланыңыз, олар сізді келесі бөлімдерге әкеледі:
Кітапхана сайты - кітапхана қызметтері мен ресурстары туралы ақпарат табудың бастапқы орны болып табылады:
*Кітаптарды тексеру, жаңарту, брондау және электрондық ресурстарға қол жеткізу үшін НУ логинімен және паролімен кіру қажет.
Назарбаев Университетінің Репозиторийі (NUR):
Құжаттарды орналастыру ережелері туралы көбірек білу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе бізбен NUR сайтында байланысыңыз: nur.nu.edu.kz.
Кітапхана ғылыми және оқуға байланысты сұрақтарға жауап немесе ресурстар табуға көмектесетін нұсқаулықтар әзірлейді.
"Кітапханашыға сұрақ қой" қызметін сайтта әр-түрлі жолмен қолдана аласыз, сонымен қатар, сіз оңтайлы қолдануыңыз үшін қызмет бөлімінде орналасқан:
*Чат сайттың әр бөлімінде, нұсқаулықтарда және EDS-де қол жетімді.
ҚАЗІР ҚОЛДАНЫП КӨРІҢІЗ!
Әр мектептің пәндік кітапханашысы бар! Біз келесі көмектерді көрсетеміз:
2015 жылдан бастап Медицина Мектебі кітапханасы студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге ғылыми-зерттеу, оқыту, клиникалық мәселелер мен науқастарды күту бойынша ақпараттық қызмет көрсетеді.
Кітапхана коллекциясы орыс және ағылшын тілдеріндегі биомедицина саласындағы негізгі, клиникалық және басқа ғылымдар бойынша материалдармен қамтылған.
Сізді кітапханамызға келуге немесе басты кампусқа кітап жеткізу қызметін пайдалануға шақырамыз.