Skip to Main Content

Disability Support and Inclusion

Біздің іс-шаралар

Инклюзивті білім беру - Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың маңызды басымдықтарының бірі. Бұл бағытты қолдай отырып, Назарбаев Университетінің кітапханасы университеттегі ғылыми және оқу үдерісін ақпараттандыру және қамтамасыз ету бойынша өзінің негізгі функцияларын ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселесі бойынша кең ауқымды қоғамдық талқылау үшін жағдай жасауға ұмтылады.

Осы  бастаманың аясында НУ кітапханасы инклюзивті білім беруді дамытудағы халықаралық және ұлттық тәжірибені қамтитын маңызды кітаптардың тұсаукесерін, мүгедектікті түсіну және көмекші теxнологиялар бойынша тренингтер тұрақты түрде ұйымдастырады.

Мүгедектігі бар адамдарға білім беру және олардың қоғамға бірігуін дамытуға көмектесу мақсатында Назарбаев Университеті Кітапханасы және «NU Alumni» ҚБ 2020-2021 жылдары мүгедектік және қоғамдағы инклюзивтілік тақырыбына арналған «NU Disability Talks» кездесулер мен дәрістер кезеңін өткізді.

Осы кезең аясында кітапхана мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардын өмір сапасын жақсарту туралы өзекті мәселелер бойынша сұхбат құру мақсатында сарапшылар, құқық қорғаушылар, қазақстандық мүгедектігі бар адамдар қоғамдастығының көшбасшылары, қоғам қайраткерлері және басқа да қызығушылық танытқан адамдардың қатысумен кездесулер, талқылаулар, ашық дәрістер ұйымдастырды.

2015 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы БҰҰ мүгедектер құқығы туралы Конвенциясын бекітіп, осы арқылы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық өмірдің барлық аспектілеріне біріктіруді міндеттейтінін растады.Соңғы жылдары Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың өмірлерінің сапасын жақсартуда белгілі жетістіктерге жетті, қоғамдық кеңістікте әлеуметтік инклюзия тақырыбы жиірек және қаттырақ естіле бастады. Бірақ, кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, медициналық көмекке, сандық контентке, сапалы білімге және жұмыспен қамтуға қолжетімділік туралы мәселелер шешімін таппай жатыр және мемлекет, азаматтық қоғам және мүгедектігі бар адамдардың өздерінің бірлесіп күш салысуын және қатысуын талап етеді.

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын ұлттық институттар мүгедектер құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай емес. Қазіргі бар жүйе мен механизмдерді конвенцияның 33-бабына сәйкестендіру үшін реформалау қажет.

Covid-19 әлемдік індетіне қарамастан, біз Қазақстанның БҰҰ Комитетіне мүгедектер құқықтары туралы берген Альтернативті есеп беруін бетпе-бет талқылаудан бастап, кездесулерімізді онлайн түрде жалғастыра алдық. Кезеңдер аясында әртүрлі тақырыптағы, соның ішінде кәсіптік-техникалық және жоғары білімге, музей кеңістіктеріне және өнер туындыларына қолжетімділік туралы, мемлекеттік істерді басқарудағы мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен кездесулер және дәрістер өткізе алдық.

Өткен вебинарлар басылымдарын кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар

Жанды кітапхана - бұл диалог арқылы қоғамдағы стереотиптер мен түсіністіктерді жеңуге бағытталған әлеуметтік өзгерістер үшін халықаралық қозғалыс. Жанды кітап - бұл адамдар, ал оқу-бұл ашық әңгіме. Жанды кітапхана - әртұрлі әлеуметтік топтарды білдіретін «жанды кітаптардың» өмірде қандай қате түсініктер мен стериотиптермен кездесетіні жайлы әңгіме жүргізетін кеңістік. Оқырмандар нақты адамдардың өмірбаяны арқылы қоғамдағы қате түсніктер және кемсітушілік тәжірибелері туралы біледі.

Осылайша, жанды кітапхана өзара түсіністікке және қоғамдағы адам сан алуандығының қабылдануына ықпал етеді.Назарбаев Университетінде ең алғашқы Жанды кітапхана іс шарасы 2016 жылдың 30 – наурызында өтті. Содан бері бұл іс-шара дәстүрге айналып, әр семестр сайын өткізіліп турады. Қазіргі уақытқа дейін НУ Жанды кітапхана іс-шарасына мүгедектігі бар адамдар, квир-қауымдастық өкілдері, сондай-ақ жас әйел-ғалымдар қатысты.

Тседисо Майкл Макоэлдің "Inclusive Teaching in South Africa"

2017 ж. НУ кітапханасында НУ жоғары білім беру мектебінің профессоры Тседисо Майкл Макоэлдің "Inclusive Teaching in South Africa" атты кітабының тұсаукесері өтті.
Презентация инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін терең түсіну үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ шетелдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстанда салыстырмалы зерттеулерді дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Гүлнәр Бажкенованың "Жігер, жүрек және ниет болса…" 

2018 ж. НУ кітапханасында танымал қазақстандық журналист Гүлнәр Бажкенованың "Жігер, жүрек және ниет болса…" атты деректі кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл кітапта Қазақстанның шалғай аймақтарында жұмыс жасайтын мұғалімдер мен ұстаздардың күн сайынғы инклюзивті білім беру саласында атқарып жатқан жиі байқаусыз қалатын қыруар жұмысы жайында баяндалады.

БҰҰДБ Әлеуметтік мейірімділік саммиті

2017 ж. 5 қазанда НУ кітапханасының көмекші технологиялар бойынша мамандарыНазарбаев Университетінде БҰҰДБ қолдауымен өткен жыл сайынғы Әлеуметтік мейірімділік саммитінде презентациямен сөз сөйледі. Презентация көмекші технологиялар және білім берудегі қол жетімділік тақырыбына арналды және көмекші технологиялардың инклюзивті білім беруді дамытуда атқаратын маңызды рөлі туралы қоғамды ақпараттандыруға бағытталған.

"Мүмкіндігі шектеулі жастардың жаһандық проблемалары" форумы 

2018 жылдың шілде айында НУ кітапxанасының көмекші теxнологиялар мен қол жетімділік бойынша сарапшы менеджері Зият Әбдіқайымов Сеулде "Мүмкіндігі шектеулі жастардың жаһандық проблемалары" атты xалықаралық форумға қатысты. Форумда инклюзивті білім беру мен Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу мүмкіндіктері туралы баяндады. Форумның қатысушылары мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейтуге және жұмысқа орналасу бағыты бойынша бірнеше мекемелерде болды. Соның ішінде, Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі, Ұлттық арнайы білім беру институты, мүгедектік саясатын дамытуға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар мен жеке кәсіпорындар. Осылайша, форум делегаттары Корея Республикасының білім алуға, жұмысқа орналасуға және тәуелсіз өмір сүруге бағытталған саясаты мен тәжіриебесі туралы білуге мүмкіндік алды.
Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail