Ассистивті (көмекші) технологиялар – бұл білім алу үшін ерекше қажеттілігі бар студенттерге білім алу міндеттерін дербес орындауға мүмкіндік беретін, олардың белсенді қатысуына және оқудағы табысына көмектесетін, осымен олардың білім беру процесіне барынша толық ықпалын тигізетін кез келген аппараттық және/немесе бағдарламалық құрал.
НУ кітапханасы бір қатар заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың мұқтаждықтары үшін бейімдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялы ассистивті құралдар ұсынады.
Білім алу үшін ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың ақпараттық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында 2018 ж. бері кітапханада арнайы жұмыс орындарымен жарақтандырылған Ассистивті технологиялар кабинеті (5e.108) жұмыс істейді.
Зағип пайдаланушылар үшін жұмыс орны мыналарды қамтитын компьютерлік тифлокешенмен жабдықталған:
Тірек-қимыл аппараты бұзылған пайдаланушылар үшін жұмыс орны мыналармен жабдықталған:
Көзі нашар көретін пайдаланушылар оқу залының екінші қабатында орналасқан HIMS электронды бейне ұлғайтқышын пайдалана алады.
Есту қабілеті бұзылған оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің қызметкерлерінің арасындағы коммуникацияларды жеңілдету мақсатында қызмет көрсету пункттері акустикалық сигналды пайдаланушының есту аппаратына жеткізетін "Исток А2" ақпаратты индукциялық жүйемен жарақтандырылған.