Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2022: Этикет

 

Қатысушыларына арналған онлай-этикет ережелері

EALC 2020 ұйымдастырушылары әр қатысушыға желілік этикеттің келесі ережелерін сақтауды ұсынады. Сіздің ынтымақтастығыңыз сөз сөйлеушілер мен конференция қатысушыларына деген үлкен құрметті білдіреді.

  1. Конференцияның басталуына кешікпеңіз. Көрсетілген жерге оқиғадан 10 минут бұрын бару ұсынылады.
  2. Конференцияны тіркеу тобы электрондық сертификаттарды талап ететін тұлғалардың бар-жоғын тексереді. Жүйеге кіру кезінде толық аты-жөніңізді пайдалануды ұсынамыз.
  3. Ашық пікірталас – сұрақ-жауап үшін. Презентация немесе талқылау кезінде спикерлерге сұрақтар қою үшін қолыңызды көтеріп, үстел үсті микрофонын пайдаланыңыз. Аты-жөніңізді, ұйымыңызды және еліңізді қосуды ұмытпаңыз.
  4. Сіз сөйлемейтін кезде әрқашан микрофонның дыбысын өшіріңіз.
  5. Егер сіз желіде орындап жатсаңыз, сәйкес виртуалды фондарды таңдаңыз.
  6. Толық назарларыңызды сұраймыз. Егер қандай да бір шұғыл жағдай болмаса, конференцияға қатысы жоқ ештеңеге алаңдамаңыз.
  7. Егер сіз спикер болсаңыз, техникалық қиындықтар туындаған жағдайда балама презентация дайындауыңызды сұраймыз.
  8. Сұрақтардың максималды санын қамту үшін сізге нақты сұрақтар қоюды ұсынамыз. Өзіңізді мүмкіндігінше қысқаша таныстырып, сұрақтарыңызды қойыңыз.
  9. Ең бастысы бір-бірімізді жақсы сөздермен сыйлайық. Конференцияны ұйымдастырушылар құрметтемеушілік немесе орынсыз мінез-құлық көрсеткен кез келген қатысушыны қатысудан шығару құқығын өзіне қалдырады.

Дереккөздері

The University of Pittsburgh (2020, July 8). Zoom Meetings: Etiquette and Best Practices. https://www.technology.pitt.edu/blog/zoom-tips

Fabian, Karina (2018, July 03). 15 webinar etiquette tips for presenters and attendees. Business.com.

Chat slide-out

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail