Skip to Main Content

School of Library Technologies

Бағдарлама

Назарбаев Университеті Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы жоғарғы оқу орны кітапханаларының қызметкерлерін Кітапханалық Технологиялар Мектебі-2022 (КТМ) атты біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы іс-шара аясында өтетін семинар-тренингқа шақырады: 

ЖОО заманауи кітапханасы: басқару, қорлары, қызмет көрсету технологиялары мен түрлері

4-8 желтоқсан, 2023 | 9.00 - 17.30

Семинарға қатысушылар:

  • ЖОО кітапханалары жұмысының заманауи талаптарына сай кәсіби білім және дағдыларын үйрету;
  • ЖОО ғылыми және білім беру қызметінінің ақпараттық-библиографиялық қолдауын жетілдіру мақсатында озық технологиялар мен құралдарды үйрету;
  • Жобалық іс-шараларды жүргізуге және маркетингтік құралдарды кітапхана тәжірибесінде пайдалануды үйрету;
  • әртүрлі санаттағы пайдаланушыларға қол жетімді ЖОО ақпараттық-кітапхана кеңістігін қалыптастыру мақсатында ақпараттық және білім беру инклюзиясының негіздерін оқыту;
  • ЖОО кітапханашыларының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру шарттарымен таныстыр.

Күтілетін нәтижелер:

  • ЖОО оқу үдерісі мен ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында алған білім, білік, дағдыны қолдану;
  • Кітапхана алдында тұрған мәселелерді шешуде жаңа ақпараттық-кітапхана қызметтері мен қызмет көрсету нысандарын енгізуде жобалық тәсілді қолдану;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар пайдаланушылардың қажеттіліктері сай ақпаратқа қол жеткізу формалары мен құралдарын байланыстыра білу.

Біз:

  • қатысушылардың игерген білімдерін бағалауды;
  • қатысушыларға Назарбаев Университеті Кітапханасында біліктілікті арттыру курсын өткені туралы сертификатын қамтамасыз етеміз.

Тіркеу

Тіркелу 1 желтоқсан 12.00-ге дейін жүргізіледі

Семинардың тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз https://nukz.qualtrics.com/jfe/form/SV_2gJZITDzZfV2RWm

Қатысу

Семинарға қатысу ақылы. Тіркеу жарнасы

  • ҚР Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығына мүше болып табылатын кітапханада жұмыс істейтін тындаушы үшін ‑ 20 000 тенге;
  • ҚР Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығына мүше болып табылмайтын кітапханада жұмыс істейтін тындаушы үшін ‑ 40 000 тенге.

Тіркелу жарнасын төлеу үшін ЖОО кітапханалары қауымдастығының банктік деректемелері:

Общественное объединение "Ассоциация библиотек высших учебных заведений" Жамбылская область, 080000, г.Тараз, ул. Айтеке би, 66.
Тел.: 8(7262)45-74-33
БИН 121040015738
БИК HSBKKZKX
Кбе/Kbe 18
ИИК
KZ086010161000090641 (тенге)
АО «Народный банк Казахстана»

Сертификаттар тіркелу және қатысу бойынша беріледі

Семинар орыс тілінде өтеді

Анықтама үшін байланыс ақпараты

эл. пошта: slt@nu.edu.kz

Тел.: 8 (7172) 70 46 40

Қатысушыларына арналған этикет ережелері

  1. Семинардың  басталу уақытына кешікпеңіз. Іс-шараның басталуына кемінде 10 минут бұрын келген жөн.
  2. Семинарға тіркеуге жауапты топ сертификат қажет ететін қатысушылардың семинарда болуын мұқият тексереді. Кіру кезінде толық аты-жөніңізді жазу міндетті. 
  3. Презентация немесе талқылау кезінде баяндамашыларға сұрағыңыз болса, қолыңызды көтеріңіз. Аты-жөніңізді, қандай ұжым және қай елден екеніңізді таныстыруға ұмытпаңыз. 
  4. Біз толық назар аударуыңызды сұраймыз. Егер қандай да бір шұғыл жағдай болмаса, семинарға қатысы жоқ нәрсеге алаңдамаңыз.
  5. Барынша көбірек сұрақ қамтылу үшін оларды нақтылап қойған жөн. Өзіңізді қысқаша таныстырып, сұрақтарыңызды қойыңыз.
  6.  Ең бастысы, бір-бірімізді құрметтейік. Семинар ұйымдастырушыларының дөрекілік  немесе орынсыз мінез-құлық көрсеткен кез-келген қатысушыны семинардан шығарып жіберуге құқығы бар.

Дереккөздері

The University of Pittsburgh (2020, July 8). Zoom Meetings: Etiquette and Best Practices. https://www.technology.pitt.edu/blog/zoom-tips

Fabian, Karina (2018, July 03). 15 webinar etiquette tips for presenters and attendees. Business.com.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail