Skip to Main Content

School of Library Technologies

КТМ - Кітапханалық технологиялар мектебі деген не?

  • КТМ - Кітапханалық технологиялар мектебі - бұл НУ бастамашы кітапханашылар тобы ұйымдастырған тренинг центр, мақсаты - ҚР ЖОО кітапханаларының басқарушылары мен мамандарының лидерлік және кәсіби құзыреттерін дамыту және шыңдау, жаңа идеялар ойлап табуға ынталандыру, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің заманауи, инновациялық технологиялары мен түрлерін енгізу.
  • 2012 жылдан бері НУ Кітапханасы ҚР ЖОО кітапханаларының Бірлестігімен бірге әртүрлі форматтағы кәсіби іс-шараларды өткізе отырып, заманауи ақпараттық технологиялар және кітапханалық іс саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесімен бөліседі.

Біз не істейміз? Бізге бұл не үшін керек?

  • Біз кітапхананы басқару, электрондық ғылыми және білім беру ресурстарын басқару, жаңа кітапхана қызметтерін енгізу, репозиторий жасау және оны дамыту салаларындағы тәжірибемізбен бөлісеміз.
  • Біз өзіміз сәтті игеріп, қолданып жүрген нәрсеге ғана үйретеміз
  • Біз жұмыс тәжірибемізбен бөлісудің заманауи құралдарын және әдістерін қолданамыз: Facebook, Skype, вэбинары, Live трансляции, телеконференции және т.б.
  • Біз әріптестеріміздің пікірлерін ескеріп, тренингтің жаңа тақырыптарын жасаймыз
  • Біз әріптестерімізге жаңа технологиялық ақпараттық-кітапханалық қызметтерді енгізудегі құзыреттіліктерін арттыруға көмектесеміз
  • Біз университет кітапханаларының Қазақстаннның білім беру қауымдастығына қажетті және көзге түсерліктей болуын қалаймыз
  • Біз Қазақстан кітапханалық жүйесінің ұлттық үлгісін модернизациялау үшін алғышарт жасауға бел будық

КТМ тренингтері сіздерге не үшін қажет?

  • Кәсіби құзыретті өсіру үшін
  • Кәсібилік, сұраныстылық, нәтижеліліктен тұратын табыстылықтың "жеке" траекториясын жасау үшін
  • Әріптестеріңізді жаңа жобалар мен идеяларға ынталандыру үшін
  • Кітапханалық ойдың жаңа бейнесін қалыптастыру үшін
  • Кітапханалық мамандықтың мәртебесін бірге асыру үшін және Қазақстан кітапханаларының кәсіби ынтымақтастығын бірге жандандыру үшін

Қалай қатысуға болады?

Вебинар

  • Ақпараттық хатта көрсетілген сілтеме арқылы тіркеліңіз.
  • Көрсетілген уақытта вебинарға қосылыңыз.
  • Сілтеме арқылы өтіңіз.

Барып оқитын курстар

  • КТМ-ға қатысу үшін сізге шарттың нысанын жүктеп алып, толтыру керек.
  • Үйлестірушінің эл. пошта мекенжайына құжатты жіберіңіз.
  • Тақырыпты таңдап, бізді сіздің кітапханаңызға барып өткізетін мастер-класқа
  • немесе вебинарға шақырыңыз.

Архив

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail