In depth topics to help you be successful.
Зерттеу қажеттілігі мен талаптары əрбір тапсырмаға, жобаға немесе қағазға байланысты өзгереді. Зерттеу жүргізудің «дұрыс» әдісі жоқ, бірақ кейбір әдістер мен дағдылар сіздің зерттеу жұмыстарыңызды тиімді және нәтижелі ете алады
Егер сізде сұрақтарыңыз болса немесе қажетті ақпарат таба алмасаңыз, NURIA немесе біздің зерттеу бойынша нұсқаулықтарымызды тексеріңіз.
Тақырыптың атауын мәселе ретінде көрсетіңіз. Мысалы егер сіздің тақырыбыңыз Title IX (Title Nine) and women athletes in college athletic programs,онда сіз сұрағыңызды "How did Title IX impact women athletes in college athletic programs?" деп жаза аласыз.
Сұрағыңыздағы негізгі түсініктерді немесе негізгі сөздерді анықтаңыз. Бұл әлеуетті іздеу терминдері болып табылады. Бұл жағдайда олар: "title ix," "women," "athletes," және "college athletic programs".
Зерттеу тақырыбына кіріспес бұрын:
Зерттеулеріңізде деректерді пайдалануды жоспарласаңыз, бұл өте маңызды болуы мүмкін. Егер күмәндансаңыз, профессорыңыздан сұраңыз.
Егер сіз тым көп ақпарат тапсаңыз және тым көп дерек көздеріңіз болса, тақырыпты тар мағынада қарастырыңыз. Мысалға, "women and athletes and college and athletics". Егер, тым аз ақпарат табылса сізге жалпы термин қолданып немесе кең мағыналы терминдер арқылы іздеу керек екенін білдіреді.
Кілтсөз бойынша іздеу бұл “Әдеттегі” іздеу түрі. Түйінді сөздер мен терминдер зерттеу тақырыбын немесе тақырыпты сипаттайды. Тақырып сізге бейтаныс және икемді болса өте ыңғайлы.
Пәндік Іздеу - тақырып өрісінде сөздер іздейді. Тақырыпты іздестіру - жақсы анықталған тақырыптар бойынша жақсы стратегия және олар туралы көп жазылған.
Қосымша іздеу кеңестері
Кітапхананың басты бетіндегі іздеу өрісінде сіз іздеген нәрсені табасыз..
Нәтижелер жазбасын тексеру үшін ...
Қолжетімді ресурстардың барлығын іздеу үшін Кітапхананың басты бетіндегі «Электрондық ресурстар» іздеу жолағын қолданыңыз.
Нәтижелер тізімі бір миллионнан астам болуы мүмкін. Тиісті нәтижені табу үшін сол жақта «шектеуіштерді» пайдаланыңыз
Деректер базасында жоғарыда сипатталған екі іздеу жолағын пайдалану арқылы қол жетімсіз ақпарат, арнайы өнімдер және қызметтерді таба аласыз. Барлық деректер базасын көру үшін ресурстар – деректер базасы – барлығы батырмасын басыңыз.
Сіздің зерттеуіңіз үшін ең жақсы деректер базасын іздеудесіз бе? Пәіндік кітапхана әр мектепке арнайы дайындаған ғылыми нұсқаулықты қолданыңыз.
Citation Styles and Tools нұсқаулығы сіздің тапсырмаларыңыз бен жобаларыңыздағы ақпаратты сілтемелеуге мүмкіндік береді.