Skip to Main Content

Collections

Сипаттамасы

Медицина ғылымдарының қоры 2015 жылы Назарбаев Университетіндегі Медицина Мектебінің оқытушылары, студенттері мен қызметкерлерінің ғылыми, оқытушылық, клиникалық және медициналық мүдделерін қолдау үшін жасалған. Ол ағылшын және орыс тілдеріндегі оқу әдебиетін, іргелі және клиникалық биомедициналық ғылымдар бойынша ғылыми басылымдарды, сондай-ақ жарияланымдарды қамтиды. Барлық кітаптар кітапхананың іздеу мүмкіншілігі бар онлайн каталогына енгізілген. Кітапхананың қоры пәндік кітапханашылар, оқытушылар мен медициналық зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілер жіберетін сұраныстар арқылы, сондай-ақ сыйға тартылған әдебиетпен толықтырылуда.

Орналасуы

Медицина қоры Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің кітапханасында орналасқан.

Кітапхана материалдарын алу Барлық материалдар Назарбаев Университетінің қоғамдастығына қол жетімді. Басқа мекемеден келген уақытша оқырмандар кітапхана материалдарын тек кітапханада пайдалана алады.

Медицина қорына байланысты сұрақтар бойынша пәндік кітапханашымен хабарласыңыз.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail