Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2020: Конференция туралы

Конференция туралы

Академиялық кітапханалардың 9-шы Еуразиялық конференциясы (ЕКАБ-2020) жыл сайын Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы  (EHELF) аясында өтеді және бұл кітапханалардағы ең жақсы тәжірибелерді, стратегиялар мен үрдістерді алмасу және талқылау алаңы болып табылады.

Алдыңғы жылдардағы атауы Library Connect (2011-2018), "Жоғары оқу орны кітапханасының дамуындағы заманауи әлемдік үрдістер" халықаралық конференциясы (ICEGTULD - 2019)

Мақсаттар

  • Кітапхана саласын дамытудағы озық үрдістер туралы хабардарлықты арттыру 
  • Кәсіби қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету
  • Ғылыми зерттеулер үшін идеялардың қайнар көзі болу
  • Халықаралық сарапшыларды ұсыну
  • Сындарлы тәжірибе және біліммен алмасуды қамтамасыз ету
  • Теоретиктер мен практиктердің қарым-қатынасын орнату
  • Бар мәселелерді шешудің алуан түрін көрсету
  • Өзгерістерге ықпал ету

Тақырып

2020 жылғы конференцияның тақырыбы «Өзгерістерді сезіне отырып: тартамыз, пайдаланамыз, қамтамасыз етеміз». Соңғы уақытта болған елеулі өзгерістердің арқасында кітапханалар жоғары сапалы қызмет көрсету, ерекше ресурстар, тиісті жағдайлар жасау арқылы академиялық қоғамдастықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Жылдам даму үлкен мүмкіндіктер береді және сонымен бірге қиындықтар туғызады, оларды кітапханашылар еңсеріп, үдемелі академиялық әлемде жұмыс сапасын жақсарту бойынша тиісті қадамдар жасай алады.

Тартамыз. Университеттер, қоғамдастықтар, елдер арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту. Пайдаланушыларды болашаққа дайындау мақсатында ынтымақтастық және тарту. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін түсіну

Тақырыптар

  • Академиялық кітапханалардың жеке тұлғаға, қоғамдастыққа, қоғамға ықпалы 
  • Көшбасшылық және қазіргі заманның ұлттық және жаһандық сын-қатерлеріне ден қою

Күтілетін зерттеу бағыттары: пайдаланушылармен жұмыс, UX, пайдаланушыларды зерттеу, қызметтер мен мүмкіндіктер ауқымын кеңейту, жобалық қызмет, әріптестік, ақылды кітапханалар, сыни ойлау, медиа және ақпараттық сауаттылық

Пайдаланамыз. Білім мен ғылым үшін жаңа трендтерді, жылдам дамып келе жатқан технологияларды көздеу және пайдалануға дайын болу

Тақырыптар: 

  • Ашық ғылымды қолдау
  • Деректер менеджменті
  • Цифрлық трансформация

Күтілетін зерттеу бағыттары: ақылды кітапханалар, жасанды интеллект, блокчейн технологиялары, цифрлық гуманитарлық ғылымдар, библиометрия және ғылыми метрика, архивтер, электрондық ресурстар, ашық қолжетімділік, онлайн жарияланымдар

Қамтамасыз етеміз. Болашақта кітапханалардың табысты болуын қамтамасыз ететін кәсіби даму және дағдылар мен білімді толық түсіну. Тұрақты дамуға кепілдік беретін смарт технологиялардың көмегімен жайлы және достық жағдай жасау.

Тақырыптар:

  • Жасыл кітапханалар
  • Кәсіби даму және ғылыми зерттеулер

Зерттеудің күтілетін бағыттары: ұлттық және жаһандық сын-қатерлерге көшбасшылық және ден қою, өткен сабақтар, жетістіктер мен сәтсіздіктер, жас мамандар, тұрақты даму, кітапхана кеңістігі

Логотип

Конференция логотипі бірнеше бөліктен тұратын композицияны білдіреді: а) конференция атауының аббревиатуралары - "EALC" (Eurasian Academic Libraries Conference), оның өткізілетін күні мен орны көрсетілген (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасының астанасы); Б) конференция атауының аббревиатурасының үстінде Нұр-Сұлтан қаласының панорамасы бейнеленген; с) оның сол жағында шаңырақ астында екі сопақша фигура түрінде бейнеленген Еуропа мен Азия бірлігінің символы бейнеленген. Шаңырақ – киіз үйдің төбесін құрайтын дөңгелек, қазақ халқы үшін үй ошағының, жер мен көкті біріктіретін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық жәдігердің ұлттық нышаны болып табылады. Логотип Назарбаев Университетінің корпоративтік түстер палитрасын пайдалана отырып жасалған. Күрең түс қадір-қасиетті, күш пен ынтымақты білдіреді; жасыл – үміт, достық, тәрбие,  ар-намыс және жеңіске деген ұмтылыс.

ealc virtual logo

 

Назарбаев Университетінің (НУ) кітапханасы

НУ кітапханасы 2010 жылы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім беру, ғылыми және тәрбие қызметін ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету үшін құрылған. Оның қорында 200 000-ға жуық сақтау бірлігі бар, оның ішінде негізінен ағылшын тіліндегі баспа және электронды кітаптар, микрофишалар мен DVD-ROM-дағы материалдар бар. Өзінің баспа қорын ұйымдастыру және орналастыру үшін кітапхана Конгресс кітапханасының жіктеу схемасын (LCC) басшылыққа алады. Кітапхананың мақтанышы академиялық және ғылыми қоғамдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және кітапхана қабырғасында ғана емес, сонымен қатар университет кампусынан тыс жерлерде де қолжетімді 100-ден астам лицензиялық мәліметтер базасына жазылу болып табылады. Кітапхана Орталық Азиядағы алғашқы университеттік кітапханалардың бірі болып табылады, ол 2018 жылы кітапханаға қосымша ғимарат енгізілгеннен кейін өз оқырмандары үшін 24/7 қолжетімділікті енгізді. НУ кітапханасы үнемі ақпараттық сауаттылық бойынша сабақтар, авторлары НУ қызметкерлері болып табылатын кітаптардың тұсаукесерлерін, мәдени-ағартушылық және университет қоғамдастығы талап ететін басқа да қызықты іс-шараларды өткізеді. Кітапхана сондай-ақ университет қызметкерлерінің балалары арасында оқуды ілгерілету бойынша іс-шаралар өткізеді.

 

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы

Қауымдастық 2012 жылдың қазан айында Тараз қаласында заңды тұлға ретінде құрылды. Бұл жас және перспективалы қауымдастықтардың бірі. Оның басты мақсаты – Университет кітапханаларын мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам алдында әлеуметтік институт ретінде кітапхананың мүдделерін білдіруге және қорғауға қабілетті кәсіби қоғамдастықтың бөлігі ретінде кітапханаларының қатысуымен тиімді ынтымақтастық, идеялармен алмасу және білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттерді шешуге бірлескен көзқарасты дамыту мүдделері үшін біріктіру. Бүгінгі таңда 60-қа жуық кітапхана Қауымдастық мүшелері болып табылады.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail