Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2020: Мақалалар қабылдау

Мақалалар мен постерлерді қабылдау

Конференцияның бағдарламалық комитеті мазмұны жоғары оқу орындары кітапханаларының перспективалық бағыттары мен жұмыс нысандарына жауап беретін және конференцияның келесі тақырыбына сәйкес келетін мақалаларды қабылдайды:

  • Академиялық кітапханалардың жеке тұлғаға, қоғамдастыққа, қоғамға әсері:
    • Пайдаланушыны және оның кітапхананы пайдалану тәжірибесін зеделеу
    • Көрсетілетін қызметтер мен мүмкіндіктер ауқымын кеңейту
    • Жобалар және қоғаммен өзара әрекеттесу
    • Сыни ойлау, медиа және ақпараттық сауаттылық
  • Көшбасшылық және қазіргі заманның ұлттық және жаһандық сын-қатерлеріне жауап беру
    • Кітапханалардың дайындығы: 21 ғасырдағы кәсіби кітапханашының біліктілігі  
    • Ақпараттық-кітапханалық білім беру және кітапхана ісіндегі ғылыми зерттеулер 
  • Ашық ғылымды қолдау 
    • Онлайн жариялау
    • Ашық қол жеткізу
    • Библиометрия ижәне ғылыми метрикалар
  • Цифрлық трансформация: әріптестік, инновация және қолдану
    • Цифрлық гуманитарлық ғылымдар мен цифрлық білімге арналған академиялық кітапханалар
    • Үлкен деректер, деректерді басқару
    • Жасанды интеллект, блокчейн технологиялары
  • Жасыл кітапханалар және тұрақты даму

Ұсынылатын құжаттар форматы  

Толық аннотациялар 

  1. түпнұсқа болуы тиіс және бұрын жарияланбауы керек
  2. 500 сөзден аспауы тиіс  
  3. зерттеудің мақсатын, әдіснамасын, нәтижелерін, практикалық қолдану мысалдарын және жұмыстың өзіндік ерекшелігін (оның ғылыми құндылығын) ашуы керек.

 

Мақалалар

  1. Мақаланың жіберілген атауы және оның аннотациясы түпнұсқа және ағылшын тілінде жазылуы керек.

  2. Мақала мәтіні ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде жазылуы мүмкін.

  3. Аннотацияларды және мақаланың толық мәтінін ұсыну үшін оның авторы EasyChair порталында тіркелуі / аккаунты болуы керек (https://easychair.org/), содан кейін өз материалыңызды конференция (EALC-2020) бөліміне жүктеңіз.

  4. Қаріп: Times New Roman, 12; екі интервал.

  5. Мақала мәтіні көлемі бойынша 5000 сөзден аспауы тиіс.

  6. Автордың өмірбаяны 50 сөзден аспауы керек.

  7. Пайдаланылған әдебиеттер мен дәйексөздер тізімін жасау кезінде АРА стилін, 6-шы басылымды қолдану қажет

 

Постер

  1. Жіберілетін постерлер түпнұсқа, ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.

  2. Материалдарды ұсыну үшін автор EasyChair порталында тіркелуі / аккаунты болуы керек (https://easychair.org/), содан кейін өз материалыңызды тиісті конференцияның (EALC-2020) бөліміне жүктеңіз.

  3. Постерде кестелер, графиктер, суреттер сияқты көрнекі құралдарды қолдана отырып, зерттеу нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы болуы керек.

  4. Пайдаланылған әдебиеттер мен дәйексөздер тізімін жасау кезінде АPА стилін, 6-шы басылымды қолдану қажет.

  5. Формат: тігінен A0 (85 см x 120 см), файл .pdf немесе .jpg, кемінде 300 dpi кеңейтумен

 

Презентация слайдтары

  1. Презентацияларды дайындау үшін MS Powerpoint бағдарламасын пайдаланған абзал.
  2. Презентацияның басқа форматын таңдаған кезде бұл туралы конференцияның ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 15 мамырына дейін хабарлау қажет.

Материалдарды ұсыну талаптары

Барлық ұсынылған материалдарды халықаралық рецензенттер қарайды. Әр материал үш рецензентке жіберіледі.

Қабылдау немесе бас тарту туралы хабарлама материалды ұсынған автордың электрондық поштасына жіберіледі.

Барлық қабылданған мақалалар конференция материалдарының жинағында жарияланады. Барлық қабылданған постерлер конференцияның тезистер жинағында жарияланады.

Сөз сөйлеу және презентациялар талаптары

Конференция бағдарламасына енгізу үшін мақалалары таңдалған авторлар конференцияға жеке қатысуы керек. Сөз сөйлеуге 15 минут және 5 минут сұрақ-жауап беріледі.

Постерлерді авторлар жасайды және басып шығарады. Қабылданған постерлер сессияның постеріне қойылады (нақты уақыты мен орналасқан жері конференция бағдарламасында көрсетіледі). Баяндамашы презентация аймағында, сондай-ақ кофе-брейктер кезінде болуы тиіс.

 

Анықтама үшін байланыс ақпараты:

Дарья Звонарева (бағдарламалық комитеттің төрағасы)

 эл. пошта: darya.zvonareva@nu.edu.kz

тел.: +7 (7172) 70-59-41

Маңызды даталар

қаңтар - Тіркеудің басталуы                         

10 қаңтар - Мақалаларды / презентацияларды /

постерлерді қабылдау туралы хабарландыру                 

28 ақпан (мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды) - Толық аннотацияларды ұсыну                                           

15 наурыз  (мерзімі 30 наурызға дейін ұзартылды) - Мақаланы-постерді қабылдау туралы хабарлама          

10 сәуір - Мақаланың толық мәтінін ұсыну                                       

10 сәуір - Постерді ұсыну                                                                    

15 мамыр - Редакцияланған мақалаларды,  

постерлерді, презентацияларды  қабылдау                      

 

Конференция мұрағаты

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail