Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2020: Жарияланым этикасы

Жарияланым этикасы

Конференция материалдары - жарияланатын материалдардың мәдениеті мен сапасы туралы мәлімдеме 

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы (EALC-2020) - бұл Назарбаев Университеті Кітапханасы  өткізетін, Қазақстан  кітапханашылары мен ақпараттық қызмет мамандарының жыл сайынғы жиналысы. Жергілікті және шетелдік қатысушылар жыл сайын университет кітапханасының қазіргі және жаңа даму үрдістерін талқылауға қатысады. Library Connect конференциясы жыл сайын конференция материалдарын жариялайды. Төменде редактордың, автордың және рецензенттің функциялары мен міндеттері келтірілген. 

Редактордың міндеттері

Редакциялық алқа конференцияға ұсынылған, конференция баяндамалары жинағында жарияланатын баяндамаларды іріктеуге жауапты болады. Редакциялық алқа қолжазбаларды зияткерлік мазмұн негізінде бағалайды. Авторлардың нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этникалық шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси философиясына қатысты біржақты немесе теріс пікір білдірулеріне жол берілмейді. Шешім құжаттың түпнұсқалығына, оның  тәжірибелік қолданысына, мақсатына, жоғары маңыздылығына және осы салаға қосқан үлесіне, сондай-ақ конференция шеңберіндегі өзектілігіне негізделетін болады. 

Құпиялылық

Редакциялық алқа қолжазбаларын рецензиялауға ұсынған барлық ақпаратты құпия сақтауы қажет. Олар мұндай ақпаратты жауапты автордан немесе рецензенттер немесе редакция алқасының мүшелері сияқты авторлардың жұмыстарына қолжетімділігі барлардан өзге, басқа ешкімге хабарламауы керек.

Ақпаратты ашу және мүдделер қақтығысы

Редакторлар немесе рецензенттер өздерінің зерттеу мақсаттары үшін ешқандай идеяларды, деректерді немесе кез-келген ақпаратты пайдаланбауы керек. Редакторлар немесе рецензенттер қолжазбада өздерінің зерттеу мақсаттарна пайдалантындай келетін қандай да бір қызықты ақпаратты тапқан жағдайда  автордан жазбаша келісім алуы тиіс.

Автордың міндеттері

Нәтижелерді ұсыну стандарттары Барлық авторлар зерттеуі туралы нақты және сенімді баяндауы үшін біржақты жауапты болады. Ықтимал плагиаттың алдын алу үшін авторлар тиісті дәйексөз форматын және толық сілтемелерді ұсынуы керек. Авторлар академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын ұстануы және қолдануы керек. 

Деректерге қолжетімділік және оларды сақтау Авторлар өздерінің бастапқы деректерін мұрағаттауға жауапты. Редакциялық алқа немесе рецензенттер еркін тексеру процесі үшін мұндай деректерге  ашық  қолжетімділік  сұрай алады. Авторлар әрқашан оларды беруге дайын болуы керек. 

Түпнұсқалық және плагиат Авторлар өздерінің  түпнұсқа жұмыстары барлығы үшін жауапты болады. Бірде-бір автор біреудің жұмысын өз жұмысы ретінде бермеуі керек. Авторлар академиялық адалдықтың жоғары деңгейін ұстануы керек.  

Бірнеше, қайталанатын немесе параллель жарияланымдар Авторлар бір  қолжазбаны бірнеше рет конференцияларға немесе журналдарға жібермеуі керек. Бұл ғалым немесе зерттеуші этикасына жатпайды және қолданылмайды. 

Дереккөздерді растау Барлық дереккөздер тиісті түрде қаралуы, дәйексөз келтіруі және дәлелді болуы керек керек. Барлық респонденттерге олардың жауаптары қолжазбада дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін екенін хабарлаңыз. Қолжазбадағы хабарламалар мен корреспонденциялардан дәйексөз келтіру  үшін қатысушы тараптың рұқсаты қажет. Бұл ықтимал плагиаттан аулақ болу тәсілі. 

Мақалаға авторлық зерттеуді жүргізудің бүкіл процесіне (зерттеудің тұжырымдамасы, дизайны, орындалуы, талдауы немесе интерпретациясы) ешқандай елеулі үлес қоспаған адамдардың аттары енгізілмейді. Зерттеу процесіне қатысқан барлық ықтимал бірлескен авторлар енгізілуі керек. Барлық ықтимал бірлескен авторлар зерттеудің соңғы нәтижесімен танысып, қолжазбаның соңғы нұсқасын конференцияға ұсынуға дейін, бекітуі керек.

Рецензенттің міндеттері Редакциялық шешімдерді қабылдауға қатысқан жағдайда   Конференция барлық қолжазбалардың рецензиялау рәсімінен өтуіне кепілдік береді. Рецензенттер редакторға қолжазбаларды конференция бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Олар сонымен қатар авторлардың жұмысын жақсарту туралы ұсыным береді.  

Жеделділік Рецензенттерге тезистер мен толық мақалаларды қарастыруға жеткілікті уақыт беріледі. Егер олар көрсетілген мерзімге дейін рецензия бере алмаса, олар редакциялық алқаға хабарлауға міндетті.

Құпиялылық Рецензенттерге барлық тағайындалған қолжазбалармен жұмыс істеген кезде құпиялылықты барынша қамтамасыз ету үшін белгілі бір сенім білдіріледі. Олар редактордың рұқсат берген тұлғаларынан басқаларға ештемені ашпауы немесе хабарламауы керек. 

Объективтілік стандарттары Рецензенттерден объективті шолулар күтіледі. Рецензенттер барлық дәлелдерін негіздеп, авторларға қолжазбаларының сапасын жақсартуға көмектесуі керек. 

Дереккөздерді мойындау Рецензенттер тиісті түрде дәйексөз келтірілмеген жұмысты мұқият қадағалауы керек. Олар автордың дәлелдерін арттыратын ықтимал әдебиеттерді ұсынуы керек. Рецензенттерсол авторлардың басқа конференцияларда ұсынған ұқсас мақалалары бар болған жағдайда, ол туралы   редакторға хабарлауға жауапты.

Ақпаратты ашу және мүдделер қақтығысы Рецензенттер пікір жазуға ұсынған қолжазбадағы қандай да бір ақпаратты жария етпеуі тиіс. Олар академиялық адалдықтың жоғары деңгейін ұстап, қолжазбаларды қарау кезінде кез-келген мүдделер қақтығысын болдырмауы керек.

 

Дереккөздері:

PsychOpen. (n.d.). Publication Ethics and Publication Malpractice Statement. Retrieved from https://www.psychopen.eu/fileadmin/user_upload/documents/guidelines/publication_ ethics_and_publication_malpractice_statement.pdf

Conference Publication Ethics and Publication Malpractice Statement. Retrieved from https://www.esd-conference.com/documents/esdConference%20Publication%20Ethics%20and%20Publication%20Malpractice%20Statem ent.pdf

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail