Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2020: Басты бет

 

EALC-2020 өткізудегі өзгерістер

COVID-19 (коронавирус) таралуы төңірегіндегі жағдайдың дамуына байланысты конференцияның басқарушы кеңесі Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясының (EALC 2020) күнін ауыстыру туралы шешім қабылдады. Конференция  2020 жылғы 30 қыркүйек - 2 қазанда онлайн өтеді.

 

Өзгерістерді түсіну: тартамыз, пайдаланамыз, қамтамасыз етеміз

Назарбаев Университетінің кітапханасы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы сіздерді 2020 жылғы 30 қыркүйек мен 2 қазан аралығында жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF) аясында өтетін «өзгерістерді сезіне отырып: тартамыз, пайдаланамыз, қамтамасыз етеміз» атты академиялық кітапханалардың IX Еуразиялық конференциясының (ЕКАБ-2020) жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияда беделді ғалымдар мен танымал спикерлердің баяндамалары, сондай-ақ жоғары мектеп мекемелерінде білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету саласындағы озық тәжірибе және ақпаратпен, практикалық мысалдармен және ұсыныстармен алмасу мақсатында постер-сессиялар ұсынылады. Тақырыптық тренингтер мен блиц-презентациялар кітапхана кәсіпқойларының біліктілігін арттыруға және кітапханалардың заманауи сынақтарға дайындығына бағытталған.

Конференцияның әлеуетті демеушілері Қазақстанда да, шет елдерде де жоғары мектеп мекемелерінің соңғы пайдаланушылары мен басшы тұлғалары арасында оларды ілгерілету мақсатында ақпараттық өнімдер, құралдар мен ресурстар көрмесіне қатысуға шақырылады. Конференция демеушілері үшін "қоладан" бастап "платинаға" дейінгі әртүрлі санаттағы демеушілік жинақтары қарастырылған.

Конференцияның жұмыс тілдері – ағылшын, орыс, қазақ.

 

Маңызды даталар

Тіркеудің басталуы                                                              қаңтар

Мақалаларды / презентацияларды /

постерлерді қабылдау туралы хабарландыру                 10 қаңтар

Толық аннотацияларды ұсыну                                           28 ақпан (мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды)

Мақаланы-постерді қабылдау туралы хабарлама           15 наурыз  (мерзімі 30 наурызға дейін ұзартылды)

Мақаланың толық мәтінін ұсыну                                        10 сәуір

Постерді ұсыну                                                                    10 сәуір

Редакцияланған мақалаларды,  

постерлерді, презентацияларды  қабылдау                      15 мамыр

Тіркеудің жабылуы                                                               25 мамыр

Конференцияны өткізу                                                        16-19 маусым

 

Анықтама үшін байланыс ақпараты:

Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге немесе ealc@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қатынасу түрлерін талқылауға қуаныштымыз. 

 

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail