Skip to Main Content

Академиялық кітапханалардың Еуразиялық конференциясы - 2020: Онлайн Этикет

Онлайн-этикет ережелері

Қатысушыларына арналған онлай-этикет ережелері

EALC 2020 ұйымдастырушылары әр қатысушыға желілік этикеттің келесі ережелерін сақтауды ұсынады. Сіздің ынтымақтастығыңыз сөз сөйлеушілер мен конференция қатысушыларына деген үлкен құрметті білдіреді.

 1. Виртуалды конференцияға кірудің басталу уақытына кешікпеңіз. Іс-шарадан 10 минут бұрын виртуалды платформаға қосылған жөн.
2. Конференцияға тіркеуге жауапты топ электрондық сертификаттарды қажет ететін адамдардың болуын тексереді. Кіру кезінде толық атыңызды жазу талап етіледі. 
3. Камераңызды ретке келтіріп алыңыз. Сізде жақсы жарық бар екеніне және келбетіңіз анық көрінетініне көз жеткізіңіз. Егер сөйлеспесеңіз немесе сұрақтар қоймасаңыз, камераны өшіріп қойыңыз. 
4. Егер сөйлеспесеңіз, микрофоныңыздың дыбысын өшіріңіз.
5. Бөтен шуылды болдырмаңыз. Алаңдамау үшін телефондарыңызды үнсіз режимге қойыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, микрофон дыбысын өшіріңіз.
6. Тиісті виртуалды артқы фонды таңдаңыз.
7. Сұрақтар мен жауаптар сессиясы кезінде қолыңызды көтеру керек, сұрақтар қоя бастағанға дейін сіздің атыңыз расталады. Растау алғанға дейін микрофонның дыбысын қоспаңыз. Сондай-ақ, чатты пайдалануға болады, бірақ спикерге сұрақтарды таңдауда кідіріс болуы мүмкін. Конференцияның басқа қатысушыларының сөзін бөлмеуге тырысыңыз. Белгіленген уақыт аралығында тек бір адам ғана сөйлеуі тиіс.

8. Біз толық назар аударуыңызды сұраймыз. Егер қандай да бір шұғыл жағдай болмаса, виртуалды конференцияға қатысы жоқ нәрсеге алаңдамаңыз.
9. Егер сіз баяндамашы болсаңыз, техникалық қиындықтар туындаған жағдайда қосалқы презентация дайындауыңызды сұраймыз.
10. Сұрақтар көбірек қамтылу үшін оларды нақты қойған жөн. Өзіңізді қысқаша таныстырып өтіңіз және сұрақтарыңызды қойыңыз. Пікірлерді чат терезесінде басып шығаруға болады, модераторлар оларды тіркейді.
11. Қатысушылар чат немесе сұрақтар мен жауаптар сессиясын қолдана алады. Тақырыпқа қатысы жоқ хабарларды жібермеңіз. Сіздің орналасқан жеріңізді немесе ұйымыңызды анықтау барысында чат терезесіне өзіңіз туралы ақпарат жазбаңыз.
12. Ең бастысы, тіл табыса отырып, бір-бірімізді құрметтейік. Конференция ұйымдастырушылары сыйламаушылық  немесе орынсыз мінез-құлықты көрсететін кез келген қатысушыны шығарып тастау құқығын сақтайды.

 

Дереккөздері

The University of Pittsburgh (2020, July 8). Zoom Meetings: Etiquette and Best Practices. https://www.technology.pitt.edu/blog/zoom-tips

Fabian, Karina (2018, July 03). 15 webinar etiquette tips for presenters and attendees. Business.com.

Library Homepage Facebook Youtube Instagram Twitter Telegram E-mail