Бөлмелер
НУ кітапханасы студенттер үшін 27 жеке сабақ оқу бөлмелерін ұсынады. Бөлмелер кітапхананың кеңейтілген аймағында 4-қабатта орналасқан (5e.425 - 5e.435, 5e.441 - 5e.456). Бөлменің жабдықталуы: сабақ оқу бөлмелері 1 үстел, 1 орындық, 1 күрсі, 1 маркер тақтасы, 1 аласа үстел және 1 тумбочкамен жабдықталған.
Артықшылық
PhD докторанттары (соңғы курс) жеке кабинеттерді 6 айға дейін пайдалана алады. Сұраныстарды айналым үстеліне немесе library@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
PhD докторанттары PhD аймағы белгіленген екінші қабатта да оқи алады.
Ережелері
- Бөлмелерді дүйсенбі - жұма күндері - 9:00-17:00.
- Бөлмені 1 студент күніне 4 сағатқа дейін жалдай алады.
- Аккаунтыңызда тапсыруға кешіктірілген кітапхана материалдары болмауы қажет.
- Бөлмелердің кілтін 3-қабаттағы кітапханашы үстелінен өз ID картаңызға айырбастап ала аласыз.
- Кілт алу/тапсыру журналына өз аты-жөніңізді, кілттің нөмірін, бөлмені қолдану уақыт аралығын жазыңыз, кілт алатын кезде және тапсыратын кезде қол қоюды ұмытпаңыз.
- Бөлменің кілтін өз уақтында тапсырыңыз. Кілтті уақтылы тапсырмаған жағдайда сіздің аты-жөніңіз арнайы бақылау тізіміне (watch list) енгізіледі. Осы тәртіпті 2 рет бұзған жағдайда, жеке сабақ оқу бөлмелерін қолдануға 3 айға тыйым салынады.
- Бөлмеде жеке заттарыңызды қалдырмаңыз.
- Бөлмеде тамақ және сусын қолданбаңыз.
- Ұялы телефон және басқа құрылғыларды үнсіз режимде қолданыңыз.
- Бөлмені таза және ұқыпты қолданыңыз.
- Бөлмедегі жиһаздарды сыртқа шығармаңыз және сырттан басқа жиһаз кіргізбеңіз.
Кілтті жоғалтсаңыз
- 5e.152 кеңсесінен кілт алыңыз (блок менеджері - Айша Жумадирова, +7-707-722-03-79).
- Өз есебіңізден 2 күн ішінде кілттің көшірмесін жасауыңыз қажет.