Кітапхана қауымдастықтың қажеттіліктеріне жауап беруге және өз бастамалары мен бағдарламаларын кеңейту жолдарын табуға тырысады. Жоспарланған, ағымдағы және орындалған іс-шаралар әртүрлі бағыттар бойынша ұсынылады (білім беру, ғылыми коммуникациялар, жаһандық қозғалыстарды ақпараттандыратын және қолдайтын).
"Назарбаев Университеті" ДББҰ-ның Әлеуметтік даму қорының "InfoSauattylyq" жобасын Назарбаев Университеті кітапханасы жүзеге асырады.
"Назарбаев Университеті" ДББҰ-ның Әлеуметтік даму қорының "SauattyKeleşek" жобасын Назарбаев Университеті кітапханасы жүзеге асырады.
ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы
Ашық қолжетімділік бастамаларына қатыса отырып, НУ ғылыми жұмыстардың көруге мүмкіншіліктерін арттыруға, зияткерлік әлеуетті сақтауға және Қазақстанды ғылыми жетістіктер мен инновацияларға бағытталған ел ретінде дамытуға үлес қосады. Ашық қолжетімділік Саясаты 2019 жылдың 20 наурызында Академиялық Кеңестің барлық мүшелерімен бір ауыздан қабылданды. НУ дегі ашық және тұрақты ғылыми коммуникацияны қолдайтын бұл ережелер 2020 жылы күзде күшіне енеді және НУ авторларының бәріне: ғалымдар, оқытушылар, студенттер және қызметкерлерге қатысты болады.
Ашық қолжетімділік Саясаты мәтінін жүктеу
Ашық қолжетімділіктің халықаралық апталығы - бұл білімді таратудың бір үлгісі ретінде ашық қолжетімділікті қолдайтын, апта бойы өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. АҚ апталығын өткізе отырып, біз оқытушылар, студенттер және зерттеушілерге ашық білімнің мәселелері, шешімдері, бастамалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береміз, АҚ және тұрақты ғылыми коммуникацияны қолдайтын қызмет ретіндегі НУ Репозиторийімен таныстырамыз.
The Nazarbayev University (NU) Library and Information Literacy (LILY) Program was launched in 2018 to achieve student success across all schools of the university. The mission of the NU Library's Information Literacy Program is to develop active lifelong learners and critical thinkers in the community. The program will help them improve their abilities to search, access, evaluate, apply, and acknowledge the right information they need.
Біз Юнесконың МжАС алға жылжыту бойынша бастамасын қолдаймыз және әр жыл сайын МжАС Аптасын атап өтеміз. Іс-шара бағдарламасының мақсаты:
Біз қызығушылық танытқан адамдарды, МжАС практиктерін, беделді медиа тұлғаларын, студенттерді, оқытушылар және кітапханашыларды ақпарат пен медианың біздің өмірімізде жетекші рөлін талқылау үшін шақырамыз.
Инклюзивті білім беру - Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың маңызды басымдықтарының бірі. Бұл бағытты қолдай отырып, Назарбаев Университетінің кітапханасы университеттегі ғылыми және оқу үдерісін ақпараттандыру және қамтамасыз ету бойынша өзінің негізгі функцияларын ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселесі бойынша кең ауқымды қоғамдық талқылау үшін жағдай жасауға ұмтылады.
Осы бастаманың аясында НУ кітапханасы инклюзивті білім беруді дамытудағы халықаралық және ұлттық тәжірибені қамтитын маңызды кітаптардың тұсаукесерін, мүгедектікті түсіну және көмекші теxнологиялар бойынша тренингтер тұрақты түрде ұйымдастырады.
Әр жыл сайын біз Халықаралық балалар кітабы күнін атап өту үшін жетім балаларды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын қонаққа шақырамыз. Бағдарламаның мақсаты - балалардың рухани және зияткерлік дамуындағы кітаптың рөлін ерекше белгілеу, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті насихаттау және балалар кітаптарына назар аударту. Бағдарлама аясындағы мерекелік шаралардың бағыттары:
Бұл диалог арқылы қоғамдағы таптаурындар мен жаңсақ түсініктерді жеңуге бағытталған әлеуметтік өзгерістер үшін халықаралық қозғалыс Жанды кітапханадағы кітаптар - бұл адамдар, ал, оқу - бұл ашық әңгімелесу Бұл жерде қиын сұрақтарға жауап беріледі Назарбаев Университетінде алғашқы жанды кітапхана 30 наурыз 2016 жылы өтті. Қазіргі кезге дейін біздің Жанды кітапханада мүгедектігі бар адамдар, квир-қоғамының өкілдері, сондай-ақ, жас әйел-ғалымдар қатысты
2011 жылдан баста біз көшпелі родшоу өткізіп, біздің қоғамдастықтың жолдары қиылатын жерлерге барып өз қызметтеріміз бен ресурстарымызды көрсетеміз Бағадарламаның мақсаттары:
Наурыз тарихи түрде 8-Наурыз 1913 жылдан бері Халықаралық Әйелдер Күні болып белгіленеді. Әйелдер Аптасы - гендерлік ғалымдар Консорциумымен бірлесе отырып өткізілетін мерекелік шаралар кешені, оның бағыты:
НУ кітапханасы НУ Денсаулық және Сауықтыру Орталығымен бірлесіп жыл сайынғы стрессті жеңілдету апталығын өткізеді. Бұл бастама студенттерге емтихан кезеңі басталғанға дейін психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама: кітапханада психикалық және эмоционалды күйзелісті жеңілдетуге арналған қол- өнер алаңы, үстел ойындары және басқа да релаксация құралдары.
Мақсаты